Жылжымалы медициналық кешен жұмысын бастады
Ұлытау облысының Жаңаарқа ауданында ауыл тұрғындарын профилактикалық тексеруден өткізетін жылжымалы медициналық кешен өз жұмысын бастады.
Ауылды жерлерде тұратын халықты бастапқы медициналық диагностикамен қамтамасыз ету мақсатында 2020 жылы Жаңаарқа ауданының көпбейінді орталық ауруханасы балансына берілген жылжымалы медициналық кешен мамыр мен қыркүйек айлары аралығында 20 елдімекенге тоқтап, 10 мыңнан аса тұрғынды қабылдайды деп жоспарланған.
Медициналық кешенде кеңес беру, мамандандырылған медициналық көмек, диагностикалық зерттеулер көрсетуге мүмкіндік беретін қажетті медициналық қондырғылармен жабдықталған бірнеше кабинет бар.
Медициналық кешенде хирург, гинеколог, офтальмолог, кардиолог, педиатр, отолоринголог, дантист, жалпы тәжірбиелік дәрігерлер мен ЭКГ мейірбикесі, рентген мен УДЗ лаборанты тұрғындарды қабылдауда.