Ағаш егу акциясы өтеді
Құрметті Ұлытау облысының тұрғындары!
Жыл сайын елімізде 22 сәуір күні «Бүкілқазақстандық ағаш егу күні» экологиялық акциясы атап өтіледі.
Мемлекет басшысының елді мекендерге 15 млн.түп ағаш егу қажеттілігі жөнінде берілген тапсырмасы негізінде Ұлытау облысының қала, аудан, ауылдық елді мекендерінің аумағына 2023 жылы 28 495 түп ағаш отырғызу жоспарланған.
Осыған орай Сіздерді 22 сәуірдегі «Бүкілқазақстандық ағаш егу күні» экологиялық акциясына қатысуға шақырамыз.
Жезқазған қаласы: «Жастар» және «Наурыз» саябақтары
Сәтбаев қаласы: «Жеңіс» саябағы, Мәңгілік Ел, Абай, Ұлытау көшелері
Қаражал қаласы: П. Кляцкий атындағы саябақ
Ұлытау ауданы: «Ұлар», «Таңбалы тас», «Бес арыс» саябақтары
Жаңаарқа ауданы: Байдалы би көшесі