Президенттің саяси реформалары елімізге ерекше серпіліс берді

2022 жылғы 16-наурыздағы жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізді саяси жаңғыртудың ауқымды бағдарламасын ұсынған болатын. Содан бері бұрын-соңды елімізде орын алмаған кең көлемді өзгерістер орын алды.

Мәселен, енді Президент 7 жылдық мерзімге бір рет сайланды. Оған дәлел былтырғы жылғы Президент сайлауы. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы саяси партияның мүшесі бола алмайды. Парламент пен мәслихаттарды жасақтау тәртібі өзгеріп, олардың өкілеттігі күшейген. Конституциялық сот құрылып, жұмыс істей бастаған. Ал сот мүшелерінің өкілеттік мерзімі Президент пен Парламент депутаттарына қарағанда ұзағырақ болды.
Елімізде маңызды мемлекеттік институттарды жүйелі түрде қайта құру үдерісі аяқталып келе жатыр, сондай-ақ Президент және Сенат депутаттарының сайлауы өтіп, 19-наурызда жаңа аралас жүйе (партиялық тізім мен бір мандатты округтер) бойынша Мәжіліс пен мәслихаттардың депутаттары сайланды.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси реформасының негізгі бағыттарының бірі – партия құрылысын ырықтандыру. Оны жүзеге асыру аясында саяси партияларды тіркеу тәртібі айтарлықтай жеңілдетіліп, тіркеу шегі 20 мыңнан 5 мың мүшеге дейін қысқартылды. Партиялардың аймақтық өкілдіктерінің төменгі мөлшері 600-ден 200 адамға дейін қысқарды. Бұл ретте партиялардың Парламент Мәжілісіне өтуіне шектеу 7 пайыздан 5 пайызға дейін төмендетілді. Бұл шаралар партиялардың құрылуына да, сондай-ақ олардың өз саяси мақсаттарын жүзеге асырып, сайлаушылардың мүдделерін қорғау үшін Парламентке кіру мүмкіндіктерін де айтарлықтай кеңейтті. Сонымен қатар бұл партияның дамуын белсендіріп, жаңа партиялардың құрылуына ықпал етті.
Аталған бір жыл ішінде еліміздің әкімшілік-аумақтық құрылымы да өзгерді. Жаңадан облыстар құрылды. Бабалар жолымен Ұлттық құрылтай шақырылуын осы бағыттағы ілкімді істердің дәлелі деуге болады. Оның алғашқы отырысы ұлт ұясы – өзіміздің жаңадан құрылған Ұлытау облысында өтті.
Саяси партияларды тіркеу рәсімі жеңілдетілді. Осылайша, мемлекеттік-саяси құрылымның жаңа үлгісі қалыптасып, билік тармақтары арасында тепе-теңдік орнады.

Исина Айгүл Үмбетжанқызы.