Аудан əкімі ауызашар берді
Қасиетті Рамазан айында аудан əкімі Аманжол Мырзабеков аудан жұртшылығына арнап ауызашар берді. Бұл дəстүрлі дастарханға аудан имамы, аудандық мəслихаттың төрағасы, аудан əкімінің орынбасарлары, ауданның еңбек ардагерлері, кент, ауыл əкімдері, мекеме, бөлім басшылары, мешіт жамағаттары қатысты.
Аудан басшысы Аманжол Батырбекұлы ауыз бекіткен жандарды қасиетті аймен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Ауызашарда Ұлытау аудандық орталық мешітінің бас имамы Жанболат Рақымбердиев ұстаған оразаның қабыл болуына тілектестік білдірді. Сондай-ақ, оразаның пайдасы мен ұстау қағидалары жөнінде, берілетін садақа, қайырымдылық шаралары жөнінде уағызын айтты.
Дастархан басында ауданымыздың ақсақалдары елімізге амандық, жұртымызға тыныштық тілеп, бата берді. Ауданның бас имамы Жанболат Серікұлы арнайы құран бағыштады.
Рамазан айында ұстаған Оразаларыңыз қабыл болсын, ұстаған жан!
Аудан əкімінің баспасөз қызметі.