Тапсырмалардың орындалысы талқыланды

Аудан əкімдігінде аудан əкімі Аманжол МЫРЗАБЕКОВТЫҢ төрағалығымен кіші аппарат отырысы өтті. Оған аудан əкімінің орынбасарлары, мекеме, бөлім басшылары қатысты. Ал, кент, ауыл əкімдері онлайн ZOOM платформасы арқылы онлайн қосылды.

Аппарат отырысында екі мəселе қаралды. Алғашқы мəселе мемлекеттік сатып алу конкурстары жөнінде аудандық экономика жəне қаржы бөлімінің басшысы Тасболат Шайхин баяндады.

Екінші мəселе аудан əкімі тапсырмаларының орындалысы туралы аудан əкімі аппараты басшының м.а. Ғабиден Дүкенбаев хабарлама жасады.

Күн тəртібіндегі мəселелерге байланысты аудан басшысы мемлекеттік сатып алу конкурстарының заң аясында өтуін қатаң бақылауда ұстап, бөлінген қаржының уақытылы игерілуін тапсырды. Бұдан бөлек, аудан əкімі тапсырмаларының орындалысы қаралып, жанжақты талқыланды.

Аппарат отырысы барысында Аманжол Батырбекұлы атқарылған жұмыстар мен нəтижелерді қорытындылай келе, алдағы уақытта атқарылуы тиіс жұмыстарды межелеп, жауапты сала басшыларына, кент, ауыл əкімдеріне тиісті тапсырмалар берді.

Аудан əкімінің баспасөз қызметі.