Сарысу ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт ашылады

Биыл Сарысу ауылындағы фельдшерлік-акушерлік пункт  пайдалануға беріледі. Бұл туралы Ұлытау облысы әкімі Берік Әбдіғалиұлының Ұлытау ауданы Сарысу ауылдық округіне жұмыс сапары барысында хабарланды. Сапарда аймақ басшысы аталған медициналық мекеменің құрылысын тексерді.

Елдімекенде ФАП құрылысы «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында басталған болатын. Мердігер – «Градстройсервис» ЖШС. Жобаның жалпы құны 119 305 мың теңгені құрайды.

Жоспар бойынша фельдшерлік-акушерлік пункт бір ауысымда 25 науқасты қабылдайтын болады. Облыс әкіміне Сарысу ауылындағы ФАП-ты биыл маусым айының соңына дейін пайдалануға берілетіні айтылды. Объектіге іргелес аумақ абаттандырылып, қоршалады.