Мемлекеттік аудит қорытындыланды

Ұлытау облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысында жылумен жабдықтау саласындағы активтерді басқару тиімділігі, сонымен қатар жылу энергиясын беру және өндіріс объектілеріне қарастырылған қаржы ресурстарын тиімді пайдалану бойынша мемлекеттік аудиторлық қорытындысы талқыланды.

Қамтылған бюджет қаражаты мен мемлекет активтерінің көлемі 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2022 жылғы 30 желтоқсанға дейінгі кезеңде 7,5 млрд.теңгені құраған.

Аудит қорытындысы бойынша анықталған бюджеттік және өзге де заңнамалық бұзушылықтардың жалпы сомасы 5,2 млрд.теңгені, оның ішінде қаржылық бұзушылықтар 2,5 млрд. теңгені, тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражаты мен мемлекет активтері 654,1 млн. теңгені және тиімсіз жоспарлау 614,3 млн. теңгені, шығындар мен жоғалған пайда 1,5 млрд. теңгені құрайды, сонымен қатар 62 рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.

Аудиторлық іс-шараның қорытындылары жалпы облысқа тән кемшіліктердің бар екендігін, бюджет қаражатын жоспарлау және пайдалану кезінде жергілікті атқарушы органдардың, бюджеттік бағдарламалардың жекелеген әкімшіліктер тарапынан тиісті мониторинг пен бақылаудың жоқтығын көрсетіп отыр.

Жезқазған және Сәтбаев қалаларының әкімдеріне мемлекеттік аудит объектілеріне бюджет қаражатын негізсіз және тиімсіз пайдаланғаны үшін шара қолдану, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнама нормаларының талаптарын бұзуға жол берген тұлғалардың жауапкершілігін қарастыру ұсынылды.

Мемлекеттік аудит материалдары Ұлытау облысының сәулет-құрылыс бақылау және табиғи монополияларды реттеу жөніндегі уәкілетті органдарына тиісті шаралар қолдану үшін жолданды.