Берік Әбдіғалиұлы Ұлытау ауданының тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдауда
Қазіргі уақытта аймақ басшысы Ұлытау ауданында жұмыс сапарымен жүр. Күн тәртібінде – тұрғындармен кездесу және азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау бар.
Айта кетейік, азаматтарды қабылдау аудандық мәдениет үйінде өтуде. Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлына азаматтар тұрғын үй мен жерді жекешелендіру, сондай-ақ аудан орталығының аумағындағы спорт нысандарын пайдалану мәселелермен келді.
Барлық өтінішпен келушілерге қолданыстағы заңнамаға сәйкес түсініктемелер мен қажетті кеңес берілді.