Президент: «Өскелең ұрпақты ел ісіне баулу – өте маңызды мәселе»

VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясы ашылуында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өскелең ұрпақты ел ісіне баулудың өте маңызды мәселе екенін айтты.

«Еліміздің жастары әрдайым менің айрықша назарымда екені баршаға мәлім. Мен билікке ойы озық, білімді жастар келуі керек деп үнемі айтамын.
Өскелең ұрпақты ел ісіне баулу – өте маңызды мәселе. Олар қоғамға жаңа құндылықтар әкелуге тиіс. Сайлау кезінде жас кандидаттар бірігіп, өз тобын құрғаны белгілі. Осы одақтың белсенді мүшелері Парламентке және мәслихаттарға өтті.
Осылайша, өкілді билік тармағына саясаткерлердің жаңа буыны келіп жатыр. Жастар мұны елімізді дамытуға берілген бірегей мүмкіндік деп бағалауы қажет», — деді Мемлекет басшысы.