Саяси кеңес бюросында – тиянақты тұжырымдар
Бүгін «АMANAT» партиясы Ұлытау облыстық филиалының төрағасы Бауыржан Шыңғысовтың тізгін ұстауымен Саяси кеңес Бюросының отырысы өтті. Алқалы басқосуда Бюро құрамы «Ұлытау облыстық мәслихатының депутаттық мандаттарын бөлу кезектілігін белгілеу туралы», «Ұлытау облыстық мәслихатында «AMANAT» партиясының депутаттық фракциясын құру туралы» және «Жезқазған қалалық мәслихатында «AMANAT» партиясының депутаттық фракциясын құру туралы» мәселелерді жан-жақты талқылап, құжаттамалық негізде тиісті тұжырымдар жасады.
«AMANAT» партиясынан Ұлытау облыстық мәслихатының депутаттық мандаттарын бөлу нәтижесі төмендегідей көрініс берді:
1. Әбжаппаров Абзал Мұсылманбекұлы.
2. Ақылбекова Зина Жұманазарқызы.
3. Бекежанова Бағдат Шақарбайқызы.
4. Бөрібаев Мұрат Ерболатұлы.
5. Молдашов Еркебұлан Есболұлы.
6. Распопов Николай Иванович.
7. Серіков Айдос Ахметжанұлы.
8. Шыңғысов Бауыржан Қабденұлы.
***
Бюро отырысы барысында өзге де өзекті мәселелер қаралды.
Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ,
«АMANAT» партиясы Ұлытау облыстық филиалы Саяси кеңесінің Бюро мүшесі,
партияның Ұлытау аудандық филиалының төрағасы.