ҚҚС бойынша негізсіз төленген сомаларды қайтару

Қаржылық бұзушылықтардың, бюджет қаражатын алдын алу және мемлекетке экономикалық залал келтірудің уақтылы жолын кесу және оған жол бермеу мақсатында, Ұлытау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментімен (бұдан әрі-Департамент), ҚҚС бойынша негізсіз төленген сомаларды қайтару жөнінде ден қою шаралары қабылданды.

Казақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетімен тәуекелдерді басқару жүйесін қолдана отырып, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның ақпараттық жүйелерінің деректерін мониторингтеу нәтижелері бойынша 2019-2022 жылдар кезеңінде мемлекеттік сатып алу туралы шарттар шеңберінде өнім берушілерге ҚҚС төлеу бойынша міндеттемелерді негізсіз қабылдаудың жоғары тәуекелі сәйкестендірілді.

Осыған байланысты, Департаментке 2019-2022 жылдарға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша бағытталған тәуекелдерді зерделеп ден қою шараларын қабылдау арқылы өнім берушілерге негізсіз жұмсалған ҚҚС төлемдерін өтеу тапсырылды.

Өз кезегінде, Департаментпен мемлекеттік сатып алу туралы жасалған 83 шарт бойынша артық төленген ҚҚС сомасын өтеу бойынша шаралар қабылданды.

Бүгінгі күнге 81 шарт бойынша 5 501,3 сомасында ҚҚС артық төленген сомалары бюджетке қайтарылды (оның ішінде 1 464,6 мың теңге сомасына соманы азайтуға 10 қосымша келісім — шарт жасалды) немесе 97,5%.

Сонымен қатар, 2 келісім шарт бойынша мемлекеттік аудит объектілерімен ҚҚС сомасын негізсіз төлеуіне байланысты бюджетке қайтару туралы талап арыздары сотқа берілді.

Осы бағыт бойынша, Департамент артық төленген ҚҚС сомаларын бюджетке толық қайтарғанға дейін жұмыстарды жалғастыратын болады.