Жезқазғанда заманауи мектеп салынады

Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы өзінің жұмыс сапары барысында  Қабанбай батыр шағын ауданында 300 орындық мектеп салуға бөлінген жер учаскесіне барды. Жұмыстар биыл «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде жүргізіледі.  Тапсырыс беруші – «Samruk-Kazyna Construction» АҚ.

Бүгінгі күні жер учаскесін ресімдеу бойынша жұмыстар жүргізілуде, жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде. Оң Мемлекеттік сараптама алғаннан кейін құрылыс-монтаж жұмыстары басталады. Конкурс қорытындысы бойынша қазіргі заманғы мектеп құрылысының талаптарына сәйкес келетін мердігер ұйым айқындалатын болады.

Өңір басшысы құрылыс басқармасына және Жезқазған қаласы әкіміне осы жобаға тапсырыс берушіге туындайтын барлық мәселелер бойынша жәрдем көрсетуді тапсырды.