Ұлытау облысының әкімі «Жезқазған – Қарағанды» автожолындағы жұмыстың барысымен танысты

Берік Әбдіғалиұлы Жезқазған қаласын аралап шықты. Сонымен қатар,  «Жезқазған – Қарағанды» автожолында жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысымен танысты.

2022 жылы «Қазақмыс» корпорациясы өз қаражаты есебінен Қарағандыдан Қызылордаға өтетін транзиттік көлік құралдары үшін «Жезқазған – Қарағанды» автомобиль жолының ұзындығы 987 метр учаскесін салды.

Қазіргі уақытта нысанды Жезқазған қаласының коммуналдық меншігіне беру және ағымдағы жылдың наурыз айының соңына дейін ашу жұмыстары жүргізілуде.