Жаңа айыппұл енгізілмек

Әділет министрлігі «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын әзірледі. Онда «Белгіленген қозғалыс жылдамдығынан асып кету» деп аталатын 592-бапқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделген.

Көлік жылдамдығын шамадан (сағатына 40-тан 80 километрге дейін) арттырғаны үшін 20 АЕК (69 000 теңге) көлемінде айыппұл қарастырылған. Ал жылдамдықты 80 км/сағат және одан да асырған жүргізушіге 40 АЕК (138 000 теңге) көлемінде айыппұл салынады. Егер жүргізуші бір жыл ішінде жылдамдықты 80 км/сағаттан бірнеше мәрте асыратын болса, онда 60 АЕК (207 000 теңге) мөлшерінде айыппұл төлейді.

Сондай-ақ «Жолаушылар мен жүктерді тасымалдау, жол қозғалысы ережелерінде көзделген қауіпсіздік белдіктерін немесе мотошлемдерді пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау» бойынша 593-бапқа да өзгерістер енгізіледі.

Онда жолаушыларды автокөлік кабинасынан тыс орында тасымалдағаны үшін, сондай-а қ көлік терезесі мен люктеріне жүк іліп қою, есіктерді ашып қою, қозғалыс кезінде басқа да осындай әрекеттер жасағаны үшін жазалауды көздейтін жаңа тармақ пайда болды. Бұл әрекеттер үшін 10 АЕК (34 500 теңге) көлемінде айыппұл салынады.

Заң жобасына енген барлық толықтыру 13 наурызға дейін Ашық НҚА сайтында орналастырылған.