Өзекті мәселелер талқыланды
Облыс әкімінің бірінші орынбасары А.Бәрекеновтің, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің превенция қызметінің басшысы С.Ахметжановтың және «Атамекен» ӨКП төрағасының м.а. Г.Қаженованың қатысуымен Ұлытау облысының бизнес және қоғам белсенділерімен кездесу өтті.
Аталған кеңесте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясат шаралары, кәсіпкерлік пен агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бойынша жеңілдетілген несиелеу мен қаржыландыруды мемлекеттік қолдауды іске асыру талқыланды.
Іс-шара барысында кәсіпкерлер мен қоғам белсенділері жер қойнауын пайдалануға, несиелеуге, «Даму» қорынан қаражат алуға, гранттық қаржыландыруға және т. б. қатысты сұрақтар қойды.
Облыс әкімдігінің бірінші кезектегі міндеті бизнесті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау және ұлттық жобалар аясында жан-жақты мемлекеттік қолдау көрсету.
Кәсіпкерлермен кездесулер тұрақты негізде өткізіледі, олардың пікірі ескеріледі, бизнесті толғандыратын мәселелер қаралады, әртүрлі бағыттарға жетекшілік ететін мемлекеттік органдардың өкілдері шақырылады, олардың қорытындысы бойынша тиісті шаралар қабылданады.