Басқармада — жаңа басшы

Дархан Қабылдашұлы МҰҚАН Ұлытау облысының қоғамдық даму басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Дархан Қабылдашұлы 1988 жылы туған.

2009 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін, 2021 жылы Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін бітірген. Мамандықтары: «Филология», «Құқықтану».

2009 жылдан 2021 жылға дейін «Сарыарқа» газетінің редакциясы» ЖШС бөлім меңгерушісі, бас редактордың орынбасары содан директоры болып жұмыс істеді.

2021-2022 жылдары – Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімінің бас маманы, сектор меңгерушісі.

Бұған дейін «Қазақмыс Холдинг» ЖШС қоғаммен байланыс және коммуникациялар департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі қызметін атқарған.