Этно-мәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесу өтті
Жезқазған қаласының тарихи-археологиялық мұражайында Ұлытау облысы әкімінің орынбасары Ғ.Құсманғалидің қатысуымен «Бірлігіміз-әралуандықта» атты кездесу өтті.
Іс-шараға Ұлытау облысының Ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Қожамсейтов, Жезқазған қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Қазамбаев, ҚХА аналар кеңесінің төрағасы Р.Капарова, өңір жұртшылығы, этно-мәдени бірлестіктердің өкілдері мен БАҚ қатысты.
Іс-шара барысында мемлекеттік тілдің өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі рөлі, қазақстандық қоғам құндылықтары жүйесіндегі орны туралы пікірлер айтылды. Кездесуде мемлекеттік тілдің дамуына этно-мәдени бірлестіктердің өкілдері де ықпал ете алатынын да баса айтты.
Жиналғандар алдында сөз алған Ғ.Құсманғали мемлекеттік тілдің біздің қоғамдағы келісім мен бірліктің негізі екенін ерекше атап өтті.
Сонымен қоса кездесу барысында мемлекеттік тілді жетік меңгерген өзге ұлт өкілдері сөз сөйледі.