«ULYTAU» футбол клубының ойыншылары Ташкентте жаттығу өткізуде
Қазіргі уақытта «ULYTAU» футбол клубы Өзбекстанда жаттығу жиындарын өткiзуде. Команда бас жаттықтырушы Марат Еслямовтың жетекшiлiгiмен Ташкентте дайындалуда.
Күніне екі рет өтетін оқу-жаттығу жиындарымен қатар іріктеу жұмыстары да жүргізілуде. Жаттығуға 29 футболист қатысуда.
Жаттығу жиындары 30 қаңтарға дейін жалғасады. Біздің футбол мектебінің тәрбиеленушілеріне Қазақстан біріншілігінің бірінші және екінші лигаларының мектебінен өткен футболшылар қосылады. Барлығы осындай 3 жиын өтеді.
Алдағы уақытта футбол бойынша Қазақстан чемпионатының екінші лигасына қатысу үшін негізгі команда жасақталады.
Қазір Ұлытау облысының футбол қауымдастығы «ULYTAU» ФК командасының қатарын одан әрі толықтыру үшін 2007-2009 жылғы жасөспірімдер жаттығатын жасөспірімдер спорт мектебін дамытуға ерекше көңіл бөлуде.