Ұлытау облысына Дүниежүзілік банктің өкілдері келді
Дүниежүзілік банк өкілдері Ұлытау облысына жұмыс сапарымен келді. Қонақтар облыс әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына агломерациялық орталықтардың экономикалық даму жобасын таныстырды.
️ Кездесу барысында тараптар Ұлытау облысы мен Дүниежүзілік банк арасындағы өзара тиімді және ұзақ мерзімді ынтымақтастық мәселелерін, сондай-ақ ынтымақтастықтың басым бағыттарында инвестициялық жобаларды іске асыруды талқылады.
️ Атап айтқанда, тараптар көлік инфрақұрылымын жақсарту, туризмді, агроөнеркәсіптік кешенді, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту жөніндегі жобаларды іске асыру тетіктерін талқылады.
️ Сонымен қатар, жиналғандар экономиканы әртараптандыру, индустриялық-инновациялық даму, экологияны жақсарту мәселелері бойынша пікір алмасты. Дүниежүзілік банктің басым жобаларды инвестициялауға белсенді қатысуы Ұлытау облысының серпінді экономикалық дамуының драйверлерінің бірі болуы мүмкін екендігі атап өтілді.
️ Кездесу соңында тараптар жоғарыда аталған мәселелер бойынша ынтымақтастықты нығайтуға келісті.