Вице-министр Ұлытау облысының тұрғындарымен кездеседі 

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асқар Жамбакин Ұлытау облысының тұрғындарымен кездеседі.

️ҚР Президентінің «Орталық атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асқар Серікұлы Жамбакин 28 желтоқсанда сағат 15.30-да Ұлытау облысының халқымен кездеседі.

Кездесу «Балалар өнер мектебі» ғимаратында (Жезқазған қаласы, Титов көшесі 22) өтеді.

Азаматтарды кездесуге белсенді қатысуға шақырамыз.

Министрліктің қызмет бағыттары: телекоммуникация және байланыс, электрондық үкімет және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, аэроғарыш өнеркәсібі, геодезия и картография, электрондық өнеркәсіп, цифрлық активтер индустриясы, ақпараттық қауіпсіздік, инновациялар.