Құрметті Ұлытау ауданының тұрғындары!
Баршаңызды Қазақстан Республикасының Тəуелсіздігі күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл – ел тарихындағы теңдесі жоқ атаулы күн. Тəуелсіздік пен теңдік – ең қымбат ұғымдар. Осынау құдіретті ұғымның астарында атабабамыздың ғасырлар бойы аңсаған асыл арманы, абыздарымыздың айбынды үні, азаттық жолында қаза тапқан сан буын боздақтардың ұрпаққа қалдырған аманаты жатыр.
1991 жылғы 16 желтоқсанда еліміздің жаңа тарихы басталған еді. Содан бері Қазақстан өсу мен өркендеу белестерін бағындырып, тарихи жетістіктерге қол жеткізіп келеді.
Елмен бірге Ұлытау ауданы да даму жолына түскені белгілі. Өндіріс пен кəсіпкерлік саласы қарқынды дамуда, ауылшаруашылығы тың серпінге ие болды. Спорт нысандары, балабақшалар мен мектеп ғимараттары жаңартылуда. Ауданымыздағы бірнеше ауыл орталықтарында фельдшерлікакушерлік пункттері тұрғындарға қызмет көрсетуде. Тұрғын үйлер бой көтеріп, ел игілігіне берілуде. Халықтың əл-ауқаты арта түсті. Абаттандыру бағытында игі шаралар атқарылды. Білім беру, денсаулық сақтау, мəдениет жəне спорт салаларында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілді. Мемлекеттік бағдарламалар аясында көптеген жобалар жүзеге асырылды. Мұның барлығы Ұлт Тəуелсіздігі мен бейбіт өмірдің арқасында орын алып отыр.
Ардақты ағайын!
Біз азат ел екенімізді, өткеніміздің өнегесін, келешегіміздің кемелдігін зор мақтанышпен айтамыз. Сондықтан да, бабаларымыздың асыл арманы болған Тəуелсіздікті қанша дəріптесек те артық емес. Баршаңызды ұлық мереке – Тəуелсіздік күнімен құттықтаймыз!
Əр шаңыраққа шаттық пен бақыт, береке мен бірлік, бастарыңызға амандық, еңбектеріңізге жеміс тілейміз!
Қазақ елінің Тəуелсіздігі ғұмырлы, Туы тұғырлы болсын!
Аманжол МЫРЗАБЕКОВ,
аудан əкімі.
Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ,
аудандық мəслихаттың хатшысы.