Ұлытау облысы сотының төрағасы тағайындалды

 Ұлытау облысының активіне облыстық соттың төрағасы Қайрат Адранов таныстырылды.

️ Іс-шараға өңір басшысы Б.Әбдіғалиұлы, ҚР Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Нұрсерік Шәріпов, құқық қорғау және мемлекеттік органдардың басшылары қатысты.

️ Қ.Адранов еңбек жолын прокуратура органдарында бастаған. 30 жыл үздіксіз судьялық өтілі бар, оның ішінде 20 жыл басшылық лауазымдарда болған. Ол екі рет аудандық соттардың төрағасы, 4 рет облыстық соттардың сот алқаларын басқарған. 2022 жылдан осы күнге дейін Ақмола гарнизоны әскери сотының төрағасы болып  қызмет еткен.