Ұлытау облысының Төтенше жағдайлар департаментіне арнайы техниканың кілті табысталды

Жезқазғанда Ұлытау облысының Төтенше жағдайлар департаментіне арнайы техниканың кілтін салтанатты тапсыру рәсімі өтті. 

️ Ұлытау облысына жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев Жезқазған қаласының Алаш алаңында ТЖ департаментіне түрлі мақсаттағы құтқару техникасының кілттерін салтанатты түрде табыс етті.

️ Жаңа құтқару техникасы ықтимал төтенше жағдайларға жедел ден қоюға, өрттерді жоюға және азаматтарды құтқаруға көмектеседі.

Оның ішінде республикалық бюджет есебінен 6 өрт сөндіру автоцистернасы сатып алынды.

️ Сонымен қатар,  Астана қаласы мен Қарағанды облысының ТЖД-мен Ұлытау гарнизонын күшейту үшін түрлі функционалдық мақсаттағы 5 техника (автоцистерналар, жерүсті көлігі, автобус, автокран) берілді.

Халық достығы мен мәдениеті үйінде Ұлытау облысының Төтенше жағдайлар департаментіне Туды және ТЖД офицерлер құрамына атақтар тапсыру рәсімі өтті.