Берік Әбдіғалиұлы азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Ұлытау облысының әкімі Берік ӘБДІҒАЛИҰЛЫ азаматтарды жеке мәселелері бойынша кезекті қабылдау өткізді.

️ Тұрғындардың сұрақтары коммуналдық және әлеуметтік салаға қатысты: жұмыспен қамту және жаңа әлеуметтік нысандарды ашу, жылумен жабдықтау және абаттандыру, кәсіпкерлік және ветеринария.

Мәселен, А.Қыдырбеков өңірде 14 жастан асқан ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған күндізгі тұру орталығы қашан ашылатынына қызығушылық танытты. Б.Әбдіғалиұлы өңір үшін осы маңызды мәселе қазіргі уақытта белсенді түрде шешіліп жатқанын атап өтті. Бұл орталықтар Жезқазған мен Сәтбаевта құрылады деп болжануда. Облыс орталығында оны келесі жылдың басында ашу жоспарлануда.

Жезқазған қаласының тұрғыны А.Нұрсейітов қаңғыбас иттердің тағдырына алаңдаушылық білдірді. Облыс әкімі ветеринария басқармасына осы мәселені пысықтауды тапсырды. Жас ана А.Досанова облыс әкіміне қызының туу туралы куәлігін ресімдеуге көмек сұрап жүгінді. Бұл мәселе бірден шешілді.

Облыс орталығының тұрғыны А.Әбдібек өз дүкенінің қызметін ұйымдастыру мәселесімен жүгінді. Өңір басшысы бұл мәселені қаланың бас жоспарын түзету кезінде шешу мүмкіндігін қарастыруды тапсырды.

Сонымен қатар, аймақ басшысына экология мәселелерін көтеретін Ш.Икласов бастаған бастамашыл топ жүгінді. Облыс әкімі бұл мәселе халықтың көпшілігін толғандыратынын атап өтті. Сондықтан қазіргі уақытта аймақта топырақ, су, ауадан кешенді зерттеулер жүргізетін комиссия жұмыс істейді.
Жалпы, өтініш білдірген азаматтардың барлық сұрақтарына толық түсініктемелер берілді.