Облыс орталығын жылумен жабдықтау мәселесі ерекше бақылауда

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Жылыту маусымының барысы туралы» брифинг өтті.

«Дидар» телеарнасының тікелей эфирінде және облыс әкімдігінің әлеуметтік желілерінде Ұлытау облысы әкімінің орынбасары Ұлантай Үсенов, Жезқазған қаласының әкімі Қайрат Шайжанов, ҚР Энергетика министрлігі Атом және энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Ұлытау облысы бойынша аумақтық департаментінің басшысы Наурыз Қияшов, ЖЭО директоры Мадиар Алтыбаев және «Жылу және сумен жабдықтау кәсіпорны» АҚ директоры Ахметулла Мырзалиев тұрғындардың алдында сөз сөйледі.

Брифингте Жезқазған ЖЭО-на ерекше назар аударды. Ұ.Үсенов атап өткендей, бұл нысан жыл бойы жұмыс істейді және оның нақты жұмыс жоспары бар. Соған сәйкес қазіргі уақытта мамандар № 4 және 8 қазандық агрегаттарына күрделі жөндеу жүргізіп, сондай-ақ №10 қазандық агрегатын ауыстыруда. Барлығы кесте бойынша жүруде. ЖЭО-ға қойылатын талаптар қолданыстағы заңнамаға сәйкес келеді. Жезқазған жылу электр орталығының сенімділігі ҚР Энергетика министрлігінің Атом және энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті берген дайындық төлқұжатымен расталған.

Уәкілетті органның өкілі Н.Қияшов бұл ақпаратты растады. Бір-екі күн бұрын күрт салқындауға байланысты болған 15 градусқа дейін қызбау жағдайына келетін болсақ, оны мамандар жабдықтың істен шығуының екінші дәрежесі деп атайды. Жылу энергетикасының мұндай жағдайына үнемі дайын болғандықтан, бұл аса қауіпті емес. Жағдай тез түзетілді.

Спикерлер мына мәселелерді айрықша атап өтті: ЖЭО штаттық режимде жұмыс істейді. Осы режимдік нысандағы жағдай жергілікті билік пен бейінді ведомствоның бақылауында. Мәселен, 1 желтоқсандағы жағдай бойынша ЖЭО-да 4 қазандық агрегаты және 3 турбоагрегат жұмыс істейді. 24 тәулікке арналған көмірдің нормативтік қоры бар (110 550 тонна). Барлық тұрғын үйлер мен әлеуметтік мәдени тұрмыстық нысандар қажетті көлемде жылумен қамтамасыз етілген. -7ºС атмосфералық ауа температурасында 3-ЖМ үшін жылу электр орталығынан жылу беру 84/70 градус, 9-ЖМ үшін – 89/60 градус, 11-ЖМ үшін – 88/57 градус болды (бекітілген температура кестесінде сәйкесінше 80/50 градус).

М.Алтыбаев жаңғырту бойынша 2022 жылы ЖЖЭО – да 2022-2023 жылыту маусымына дайындық аясында жалпы сомасы 3 млрд 829 млн 460 мың теңгеге 6 қазандық агрегаты, 5 турбина, сондай-ақ қосалқы жабдықтар мен жылу электр орталықтарының құрылыстары жөнделгенін атап өтті (2021 жылы 3 млрд теңге, 2020 жылы 2,6 млрд. 2019 жылы 1,2 млрд теңге). Сонымен қатар, 4 млрд теңгеге инвестиция тартылды. Нысанды жаңғырту жалғасуда.

Онлайн-брифинг барысында жұртшылық пен БАҚ өкілдері, сондай-ақ қала тұрғындары өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Олар негізінен жекелеген үйлер мен әлеуметтік нысандардағы (Түсіпбеков, Есенберлин, Пушкин және Байқоңыров көшелері, Гарышкерлер бульвары, 91-94 орамдар) жылумен жабдықтау мәселелері мен тарифтерге қатысты болды.

️ Облыс әкімінің орынбасары мен Жезқазған қаласы әкімінің ақпараты бойынша қалада құрылған арнайы бригадалар мекен-жайларды аралап, жылумен жабдықтауда пайда болған  кідірістерді жедел шешеді. Олар тікелей эфир кезінде спикерлерге жүгінген тұрғындардың өтініштерімен де айналысатын болады.