I шақырылымдағы облыстық мәслихаттың кезектен тыс X сессиясы өтті

Сессия жұмысына Ұлытау облысының әкімі Б.Әбдіғалиұлы және оның орынбасарлары, облыс әкімінің аппарат басшысы, қалалар мен аудандар мәслихаттарының әкімдері мен хатшылары, облыстық басқармалар мен өзге де мемлекеттік органдардың басшылары, жұртшылық пен БАҚ өкілдері қатысты.
 Сессияны облыстық мәслихаттың хатшысы Б.Шыңғысов ашты.
 Халық қалаулылары 11 мәселені қарастырды. Оның ішінде Ұлытау облысының Қоғамдық кеңесінің ережесін бекіту бар. Бұл тақырыпта облыстық Қоғамдық кеңестің төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Е.Сатыбалдин баяндама жасады.
 Сондай-ақ, сессияда облыстың 2022-2024 жылдарға арналған нақтыланған бюджеті қабылданды. Өзгерістер туралы қаржы басқармасының басшысы А.Сыздықова хабарлады.
 Бұдан басқа, депутаттар Ұлытау облысының жер комиссиясының және облыстағы төтенше жағдайдың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның құрамын бекітті, облыс әкімдігінің дербес құрамын келісіп, облыстың бюджеттік комиссиясының құрамына өзгерістер енгізді.
 Отырыс барысында Ұлытау облысы бойынша жануарларды аулау, уақытша ұстау және өлтіру ережелері, сондай-ақ үй жануарларын ұстау және серуендету ережелері талқыланып, бекітілді. Онда аймақтағы қаңғыбас және үй жануарларына қатысты тиісті іс-қимыл тәртібі анықталады.