Кіші аппарат мәжілісі өтті

Бүгін Ұлытау ауданының әкімі Мырзабеков Аманжол Батырбекұлының төрағалығымен кіші аппарат жиналысы өтті. Оған аудан әкімінің орынбасарлары, мекеме, бөлім басшылары қатысты. Ал, кент, ауыл әкімдері онлайн ZOOM платформасы арқылы қосылды.
Күн тәртібіндегі мәселе қаржының игерілуі жөнінде аудан әкімінің орынбасары Мақсұт Оспанов баяндады. Аудан әкімі тапсырмаларының орындалысы туралы аудан әкімі аппаратының басшысы Ержан Дәуітбаев хабарлама жасады.
Күн тәртібіндегі мәселелерге қатысты Аманжол Батырбекұлы игерілмеген бюджет қаражаты жөнінде 2022 жылдың қараша айының соңына дейін игеру жөнінде тапсырмасын берді. Сондай-ақ, аудандық бюджетке қатысты құжаттарды заңды түрде рәсімдеуді тапсырды. Аудан басшысы берілген тапсырмалар күнделікті өзінің бақылауында ұстайтындығын жеткізді.
Аппарат мәжілісінен кейін аудан басшысы Ұлытау ауылының тұрғыны, мүмкіндігі шектеулі Алихан Байқожаның анасына Фатима Ермекбаеваны қабылдады. Аталған азаматша 2022 жылдың 29 қазан күнгі облыс әкімінің аудан халқымен кездесу барысында жеке мәселесі бойынша сұрағын қойған болатын. Нәтижесінде аудан әкімінің ұйымдастыруымен демеушілер арқылы ауылымыздың кішкентай бүлдіршіні Алиханның анасына мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған ходунокты табыс етті.