Өңір тынысы – әкім назарында
Жезқазғанда құрылыс және абаттандыру бойынша бірқатар жобаны іске асыру жоспарланған.
Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы жұмыс сапары аясында қасбеттері жаңартылған тұрғын үйлерді аралады.
Жезқазған қаласының әкімі Қ.Шайжанов облыс орталығында абаттандыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады. Қала басшысының айтуынша, қасбеттері жаңартуды қажет ететін үйлердің тізімі анықталуда. Қазіргі уақытта Жезқазғанда көппәтерлі 15 тұрғын үйдің қасбеттері боялған (жоспарланған 21-ден). Келесі жылы 100-ге жуық көпқабатты үйдің қасбеттерін жаңарту жоспарлануда.
Өз кезегінде өңір басшысы тұрғын үйлердің сыртқы безендірілуін бірыңғай талаптар мен стандарттарға сәйкес орындау қажеттігін атап өтті.
Сонымен қатар, Б.Әбдіғалиұлы Абай атындағы мамандандырылған мектеп-интернат үшін 200 орындық жатақхана салынатын орынды аралап көрді. Жоба келесі жылы басталады. Сондай-ақ, онда автономды жылыту жүйесінің құрылысы қарастырылған.