Құрметті кітапханашылар! Қымбатты сала ардагерлері!
Сіздерді биыл тұңғыш рет аталып өтетін Кітапханашылардың кəсіби мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Кітапханашы күні – осы сала қызметкерлерінің ғана емес, оқырман қауымның да мерекесі.
Адамзат баласының кітапсыз əлемді жəне өзін-өзі танып, дамып, ғылым мен өнер шыңдарына қол жеткізе алмайтыны анық. Ал, кітап пен кітапхананың тіршілігіне жан беретін, ұлттық құндылықтар мен оқырмандар арасын жалғастырушы – кітапханашылар.
Кітапхана – ғылым ошағы, білім мен ғылым ордасы. Ол – оқырман мен кітап арасындағы алтын көпір. Кітапхана – бұл күнделікті өмір. Кітап – білім бұлағы болса, сол білімнің көзін ашатын мұғалім мен кітапханашылар екендігі мəлім. Өздерінен инабаттылықты, шыдамдылық пен білімділікті талап етілетін мамандық иелері – кітапханашылар.
Қазақстанда Кітапханашылар күнінің ресми бекітілуі – осынау қастерлі мамандық иелеріне мемлекет пен қоғамның шынайы сый-құрметінің нышаны.
Адамның рухани азығы, сарқылмас байлығы, ұлылық пен ұлағатқа жетелейтін дүниенің құнды қазынасы – мəдениет.
Ұлт рухын көтеріп, мерейін асырып, мəртебесін асқақтатын да – мəдениет. Ал, ел мəдениетінің бір саласы – кітапхана.
Құрметті сала қызметкерлері!
Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға бақ-береке, еңбектеріңізге шығармашылық табыс тілейміз. Оқырмандар қатары үздіксіз артып, мерейлеріңіз үстем бола берсін!
Аманжол МЫРЗАБЕКОВ,
Ұлытау ауданының əкімі.
Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ,
аудандық мəслихаттың хатшысы.