Кентте жаңа әкім
Аудан əкімі аппаратының басшысы Ержан ДƏУІТБАЕВ Қарсақбай кентіне əкім болып жаңадан сайланған Асылхан ƏЛІМСЕЙІТТІ жергілікті тұрғындарға таныстырып, алдағы қызметіне сəттілік тіледі.
Əлімсейіт Асылхан Мырзамсейітұлы 1992 жылы 10 тамыз күні Қарағанды облысы, Жезқазған қаласында дүниеге келген. 2014 жылы Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін құқық мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2015 жылы «Жезқазған қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі мен автокөлік жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінде заңгер-кеңесшісі болып бастаған.
2019-2021 жылдар аралығында Жезқазған қаласының құрылыс бөлімінде бас маман, Жезқазған қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі мен автокөлік жолдары бөлімінде бас маман-заңгер.
2021 жылы Ұлытау ауданының ішкі саясат бөлімінде бас маман.
2021 жылдың қараша айынан бастап бүгінгі күнге дейін Ұлытау ауданы құрылыс бөлімінің басшысы қызметін атқарып келген.