Облыс әкімдігін қызметтік автокөлікпен қамтамасыз ету мәселесі бойынша
Соңғы уақытта Ұлытау облысының тұрғындарынан облыс әкімдігін қызметтік автокөлікпен қамтамасыз ету жөнінде сауалдар келіп түсуде.
Осыған орай, облыс бюджетінде биылғы жылға автокөлік сатып алуға қаражат көзделмегенін хабарлаймыз. Бұл облыс әкімінің аппаратына да, облыстық басқармаларға да қатысты.
Сонымен қоса, таяуда ҚР Президенті Іс басқармасы басшылығының шешімімен жаңадан құрылған облыстарды қолдау аясында біздің өңірге өтеусіз негізде 2009 — 2010 жылы шыққан 8 пайдаланылған автокөлік берілгенін хабарлаймыз.
Олардың ішінде «Mersedes» маркалы 5 автокөлік, «Skoda»маркалы 3 автокөлік бар.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.