Бала тілі – бал

Кішкентай қыз әкесінің төбені сырлап жатқанына қарап тұрады.

Анасы:

– Қызым, қарап үйреніп ал. Кейін өскенде әкеңе көмектесесің.

– Мен өскенше әкем сырлап бітпей ме? – депті қызы таңқалып.

* * *

– Кеше сабаққа неге келмедің?

– Ағам ауырып қалды.

– Оған сенің не қатысың бар? Әлде емдедің бе?

– Жоқ, мен оның велосипедін тептім.

* * *

– Айналайын, айта қойшы, екіні екіге көбейтсе неше болады?

– Төрт болады.

– Жарайсың, міне саған сол үшін төрт кәмпит!

– Қап, он төрт деуім керек еді!

* * *

Мұғалім бұзық баланың үйіне келеді.

– Анаң қайда?

– Жұмыстан әлі келген жоқ

– Әкең ше?

– Ол да тығылып қалды.

* * *

– Мама, бізді бүгін мектепте дәрігер қарады.

 – Иә, ол не тексерді?

 – Ол біз демаламыз ба, жоқ па, соны тексерді.

* * *

– Әке, барабан сатып әперші.

– Жоқ, тарсылдатып, мазамды аласың!

– Жоқ, мазаңды алмаймын, тек сен ұйықтағанда ғана тарсылдатамын.

* * *

– Сен неге сабақта алма жеп отырсың?

– Үзілісте уақытты бос жібергім келмейді.