Ұлытау облысында ерекше форматтағы жастар ойыны өтті

Жастарға арналған «АнтиПараКвест» ойыны квест-квиз-челлендж форматында ұйымдастырылды. Жастардың белсенділігін арттыруды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті дамытуды мақсат еткен шараға аймақ басшысы Дастан Рыспеков және облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Ерлан Жолдыбаев қатысты.

Облыс әкімі өз сөзінде: «Бүгінгі жастар – ертеңгі ел тізгінін ұстайтын тұлғалар. Мұндай ойындар олардың ой-өрісін дамытып, әділдік пен парасаттылық құндылықтарын нығайта түседі», – деді.

Ойынға облыс бойынша барлығы 10 команда қатысты. Қатысушылар төрт кезеңнен өзара сайысып, білім мен логикаға, жылдамдық пен топтық жұмысқа негізделген тапсырмаларды орындады.

Әр кезеңде жастар адалдық, ашықтық, құқықтық сауаттылық пен қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелерді қозғайтын сұрақтарға жауап берді.

Қызықты әрі тартысты өткен сайыс нәтижесінде:
І ОРЫНДЫ – «Адал live», Жаңаарқа ауданының №1 мектеп-лицейі;
ІІ ОРЫНДЫ – «Голос прозрачности», Қаражал қаласының №3 жалпы білім беретін мектебі;
ІІІ ОРЫНДЫ – «Адалдық патрулі», Қаражал қаласының №6 жалпы білім беретін мектебі жеңіп алды.
Сонымен қатар, аталған ойынға белсене қатысқаны үшін алғыс хатпен:
— «Жемқорлықсыз жастар», Жезқазған бизнес және көлік колледжі;
— «103», Жезқазған жоғары медициналық колледжі;
— «Жемқорлықсыз болашақ», «Қазақмыс» Корпорациясының технологиялық колледжі;
— «Таза қоғам», «Денсаулық» медициналық колледжі;
— «MindHackers», Бименде Амалбеков атындағы тірек мектебі;
— «САФ ЖҮРЕК», Жаңаарқа ауданының Еламан Шаханов атындағы тірек мектебі;
— «Бірлік», Ұлытау ауданының №1 тірек мектебі қанжығалады.

Барлық қатысушы және жеңімпаз командаларға ұйымдастырушы тарапынан диплом, бағалы сыйлықтар (колонка, принтер,телевизор, имидждік өнім) мен статуэтка табыс етілді.

Ойын соңында қатысушылар адалдық челленджін еліміздің өзге қалалары мен облыстарына жолдады.