3 адам құтқарылды

Қаңтардың ортасы қалың қарымен басталып, аяғы ақтүтек боранға ұласты. Бұл өз кезегінде төтенше жағдай қызметінің жұмысын күрделендірді. Оған əрине, жолаушылардың жауапсыздығы да себеп болуда. Əлеуметтік желі, ұялы байланыс операторлары арқылы хабарлама жіберілсе де тұрғындар тарапынан ауа райының қолайсыздығына қарамай жолға шығу əрекеттері орын алып отыр.

Əлеуметтік желі, ұялы байланыс операторлары арқылы хабарлама жіберілсе де, тұрғындар тарапынан ауа райының қолайсыздығына қарамай жолға шығу əрекеттері орын алып отыр. Мəселен қаңтар айының 20 күні сағат 22.40 шамасында Ұлытау ауданы əкімдігі диспетчеріне Жезқазған-Арқалық тас жолының «Итауыз» қыстағының қасында «Тойота Лунер» автокөлігімен 3 адам қар құрсауында қалғаны, автокөліктері оталмай қиын жағдайға түскендері жайлы хабарлама түсті.

Хабарлама бойынша Ұлытау ауданы əкімдігіне қарасты жол талғамайтын КаМАЗ автокөлігімен Ұлытау ауданының төтенше жағдайлар қызметкерлері шұғыл құтқару шарасына кірісті. Нəтижесінде қар құрсауында қалған 3 азамат аудан орталығына жеткізілді. Сəтін салғанда жолда қалғандар суыққа ұрынбапты. Олар медициналық көмекті қажет етпеді.

Аудандық төтенше жағдай қызметінің өкілдері осы орайлы сəтті пайдалана отырып, тұрғындарға күннің күрт суытуы, қардың көп мөлшерде жаууы жəне қатты боранға байланысты жолға шықпауларын ескертеді.

Аманкелді АҚШАЛ.