3 қаңтар күні Қасым-Жомарт Тоқаевтың кең көлемді сұхбаты жарық көреді
Бұл туралы ҚР Президентінің кеңесшісі – Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.
2025 жылдың 3 қаңтар күні «Ана тілі» газетінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кең көлемді сұхбаты жарық көреді. Президент сұхбатта ішкі және сыртқы саясаттағы басты оқиғаларға бағасын береді. Сондай-ақ елдің биылғы саяси және әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамуын қорытындылап, алдағы кезеңге арналған басым міндеттерді айқындайды, – деп жазды Берік Уәли әлеуметтік желідегі парақшасында.