Тарих қойнауындағы «Таңбалы тас»

Ұлу жылы аудан халқы үшін үлкен мерейтоймен тұспа-тұс келді. Қасиетті мекеніміздің 85 жылдығына орай түрлі мәдени-спорттық іс-шаралар ұйымдастырылды.

Оның алдында, биылғы жылдың тамыз айында Ұлт ұясы саналатын қасиетті Ұлытауда биылғы жылғы Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдағы тапсырмасы аясында «Мемлекеттік рәміздер» алаңы ашылғаны баршамызға мәлім. Әулиетаудың етегінде бой көтерген ерекше нысан 2024 жылдың 29 –тамызында Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай ел игілігіне берілді. Аталмыш нысанда биіктігі 22 метр болатын Мемлекеттік Ту, тұғыртаста Елтаңба, Әнұран бейнеленсе, «Тәуелсіз Қазақстан», «Қазақ хандығы», «Түрік Қағанаты», «Алтын Орда» барельефті қабырғалары, 99 рудың белгісі қашалған «Таңбалы тас» орнатылған. Рәміздер алаңының скульпторы — елімізге белгілі суретші-монументші Ғазиз Ешкенов. Жоба авторының айтуынша, бұл — «Таңбалы тас» орнатылған еліміздегі тұңғыш алаң. Рәміздер алаңы сән – салтанаты жарасқан, еліміздің елдігін айшықтайтын құрылыс нысаны болып табылатындығы сөзсіз.