Мыңадыр стансасында жаңа мектеп салу мәселесі 4-5 жылдан бері көтеріліп келеді – Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданының білім бөлімі

«Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заң шеңберінде Арнаулы мемлекеттік қордан 1,2 млрд теңгеден астам қаражатты Ұлытау облысы Мыңадыр стансасында орта мектеп құрылысына бөлу жергілікті балаларға тиісті білім беру жағдайын қамтамасыз ету мәселесін шешеді. Қолданыстағы мектепте толыққанды оқу процесін жүргізуге жағдай жоқ, спорт залы да жоқ. Жаңа мектептің құрылысы қолданыстағы мектеп жүктемесін азайтып, орын тапшылығын шешуге және толыққанды білім беру процесіне қажетті жағдай жасауға мүмкіндік береді.

IMG_6298

«Жаңа мектеп салу мәселесі 4-5 жылдан бері көтеріліп келеді. Біздің мектебіміз тар, үзіліс кезінде балаларға қозғалу қиын. Қазір мұнда шамамен 120 бала оқиды, ал ғимарат мұндай көлемге арналмаған. Бар мәселе қаржыландыруға кеп тіреледі. Жобалық-сметалық құжаттама дайын. Бір гектар жер учаскесі бөлінді. Мектептің және оған арналған басқа нысандарды салатын орын анықталды. Бұл елді мекен үшін жаңа мектеп өте қажет. Бұл мәселе шешіледі деп сенеміз», — деді Жаңаарқа ауданы білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Нұрбек Бекеев.