Алпыстың биігіне абыройлы жеткен

Ұлытау аудандық сотының төраға міндетін атқарушы Ілияс Іргебаев асқаралы алпыстың биігіне шыққан Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, аудандық «Ұлытау» газеті Бас редакторының орынбасары Қайрат Жұмабаевты құттықтап, иығына оқалы шапан жапты.

Асқаралы алпысқа жеткен журналисті аудандық сот төрағасының міндетін атқарушы Ілияс Іргебаев мерейтойымен құттықтап, құттықтау лебізін арнады.
– Сізді баспасөз саласында еселі еңбегі бар журналистің бірі деп білеміз. Осынау игілікті істе қанатыңыз талмасын, қажыр-қайратыңыз қашанда арта берсін! Өзіңізге жəне отбасыңызға денсаулық, ұзақ ғұмыр, ырыс пен ынтымақ, бақыт пен береке тілеймін, – деді Ілияс Асылханұлы құттықтау сөзінде.
Қайрат Кенжекұлы өз кəсібіне шыңдалған қаламы қарымды журналист. Қайрекеңнің мектебінен өткен талай жас қазіргі таңда аймақтағы баспасөз саласында қызмет етуде. Абырой биігінен көрінген Қайрат Жұмабаевтың еңбекқорлығы мен өз ісіне деген жауапкершілігі кейінгі жастарға үлгі.

Ақмаржан ҚАЛЕКЕНОВА,
Ұлытау аудандық сотының бас маманы, сот мəжілісінің хатшысы.