Қаржы пирамидасы деген не?
Қаржы пирамидасы – бұл азаматтардан заңсыз ақша тартып алудың ең белгілі əрі таралып кеткен əдісі. Таңғаларлық жайт, қаржы пирамидасына қосылу əдетте азаматтардың өз еркімен жəне құқықтық сүйемелдеусіз іске асады. Осылайша, ешкім салынған қаражаттың қайтарып берілуіне кепілдеме бермейді.
Қаржы пирамидасын құру жəне оны басқаруға ҚР ҚК 217-бабына сəйкес қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.
Қаржы пирамидасының ең басты белгісі – уəделенген айтқысыз пайда, үстеме табыс. Жоғары табысты қамтамасыз ету уəдесі тек бір рет ұйымға тарту үшін орындалуы мүмкін, бірақ одан да көп қаражаттан айырып қалу қаупі өте жоғары.
Екінші белгісі: компания шынайы экономикалық немесе инвестициялық қызметпен айналыспайды. Пирамидалар тауарлық, несиелік, туристік, құрылыс компаниялары ретінде жасырынады. Алайда, шындап келгенде ескі салымшыларға барлық төлемдер жаңа салымшылардың жарнасы есебінен төленеді.
Үшінші белгісі: мұндай жобалардың материалдық-құқықтық базасы жоқ, яғни, бұл компаниялар жаңадан құрылған, қаржылық есептілікке ие емес, келісімдер жасамайды немесе келісімдер тек ұйымдастырушылардың пайдасын көздеп жасалған əрі ҚР заңнамасына сəйкес келмейді.
Егер сіздер қаржы пирамидасының қызметіне қатысты болуыңыз жайлы күмəніңіз болса, Ұлытау ауданының прокуратурасына келесі сенім телефоны арқылы хабарласуыңызға болады: 8 (71035) 2-16-65, 2-16-22.
Ұлытау ауданының прокуратурасы.