ҰЛЫТАУЛЫҚТАР «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫНДА БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТУДА

«Таза Қазақстан – таза аймақ» экологиялық акциясында ұлытаулықтардың белсенділігі жоғары.

Аудан бойынша барлық елдімекенде санитарлық тазалық жұмыстары жүргізіліп, су арықтары тазаланып, ағаштарды көктемгі қырқу, әктеу, сыртқы қоршауларды бояу, қоқыстарды шығару жұмыстары жүргізілуде.

Сенбілікке мекеме қызметкерлері, кәсіпкерлер, сондай-ақ аудан тұрғындары да белсенді қатысты.

«Ауылына қарап, азаматын таны» дегендей, әр елдімекеннің тазалығы, сәулетті көркі тұрғындардың жанашырлығына байланысты. Сондықтан акцияға атсалысуға шақырамыз.

Ұлытау ауданы әкімінің баспасөз қызметі.