2026 жылы пойыздар мен ұшақтарда интернет пайда болады
Бұл туралы Үкімет отырысында цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев айтты.
Министрдің айтуынша, қазір елде спутниктік интернеттің 3 операторы бар, жақын уақытта нарыққа тағы 2 шетелдік компания кіреді. Пилоттық сынақтар 2026 жылы өтеді.