2026 жылдан бастап жұмыссыздар медициналық көмекті тегін алады
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда МӘМС жүйесінде маңызды өзгерістер орын алады. Енді табысы жоқ және жұмыссыз азаматтар автоматты түрде сақтандырумен қамтылмақ.

Негізгі жаңалықтар:
🔹 Мемлекет төлейді: Жұмыссыз, соңғы 3 айда зейнетақы жарнасын төлемеген және әлеуметтік осал топтағы 1,1 млн азамат үшін МӘМС жарнасын жергілікті әкімдіктер аударады.
🔹 Кезек күттірмейтін көмек: Сақтандыру жарнасы азамат медициналық көмекке жүгінген сәтте аударылады. Яғни, қызметті бірден алуға болады.
🔹 Тұрақты төлеушілерге бонус: Егер МӘМС-ті 5 жыл бойы үздіксіз төлесеңіз, төлем тоқтаған күннің өзінде мәртебеңіз тағы 6 ай бойы сақталады.
❗ Маңызды шарт: Қызмет алу үшін тұрғылықты жеріңіз бойынша емханаға тіркелуіңіз міндетті.
