2024 жылғы Департамент қызметінің қорытындысы мен жаңа тарифтік саясаттың іске асырылуы

Ұлытау облысы, 26 ақпан 2025 ж. – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ұлытау облысы бойынша департаменті 2024 жылғы қызметінің қорытындысын және «Тарифті инвестицияға айырбастау» жаңа тарифтік саясатты іске асыру бойынша баяндама жасады.
Департаменттің басшысы Жүнісбеков Дәуір Қойшығараұлы 2024 жылы атқарылған жұмыстарды атап өтіп, табиғи монополиялар саласындағы мемлекеттік реттеудің тиімділігін арттыру мақсатында жүргізілген шараларға тоқталды.
2024 жылы Департамент 47 реттелетін қызмет түрі бойынша 16 табиғи монополия субъектісінің қызметін реттеді. Бұл салада су және сарқынды су жүйесі, электр энергетикасы, жылумен жабдықтау, кірме жолдар қызметтері қамтылған. Сондай-ақ, 5 субъект ұзақ мерзімді тарифтік жоспарларға сәйкес жұмыс істейді, бұл өз кезегінде негізгі активтерді жаңғырту мен реконструкциялауға бағытталған.
Тарифті инвестицияға айырбастау» жаңа тарифтік саясатының іске асырылуы
Департамент 2024 жылы «Тарифті инвестицияға айырбастау» тарифтік саясатын іске асыру бойынша жұмыстарды жалғастырды. Осы саясаттың аясында, бекітілген 5 табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламаларының жалпы көлемі 47 млрд. 313 млн. 296 мың теңгені құрады. Бұл бағдарламалар коммуналдық қызметтердің сапасын жақсартуға және энергия тиімділігін арттыруға бағытталған.
Қоғамдық маңызы бар нарыққа қатысты шаралар
Департамент 2024 жылы халықтың мұқтаж топтарын әлеуметтік қолдау шараларымен бірге, қоғамдық маңызы бар нарықтағы субъектілердің қызметіне қатысты тарифтердің реттелуін бақылауды жалғастырды. Жыл бойы жария тыңдаулар өткізіліп, оларда халықтың пікірі мен ұсыныстары ескерілді.
Құқықтық реттеу және бақылау шаралары
Департамент тарапынан мемлекеттік қызметтер көрсету, табиғи монополиялар субъектілерінің өтінімдерін қарау, сондай-ақ талап-арыз жұмыстары жүргізілді. 2024 жыл қорытындысы бойынша, Департаментке 135 өтінім келіп түсті, олардың 65-і бекітілді, 30-ы бас тартылды, ал 27 өтінім кері қайтарылды.
Инвестициялар мен инфрақұрылымның жағдайы
Ұлытау облысындағы коммуналдық желілердің тозу деңгейі орташа есеппен 67,26% құрайды. Дегенмен, жүргізілген жұмыстар нәтижесінде желілердің тозу деңгейін төмендету жоспарлануда. Бұл бағытта жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау, су бұру, электрмен жабдықтау салаларында тозуды азайту бойынша нақты мақсаттар қойылған.
Қорытынды
2024 жылы Департамент тарапынан табиғи монополиялар саласындағы реттеу жұмыстары табысты жүзеге асырылды. Болашақта инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру және «Тарифті инвестицияға айырбастау» саясатын іске асыру арқылы қызметтердің сапасы мен сенімділігін арттыру жоспарлануда. Тұтынушылардың мүддесі мен қаржыларын қорғау басты назарда қалатын болады.