1 мамырдан бастап жаңа ипотекалық бағдарлама іске қосылады
Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Үкімет отырысында айтты. Тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асыруға «Отбасы банкімен» бірлесіп 300 миллиард теңге бөлінбек. Халықтың әлеуметтік осал топтары үшін мөлшерлеме 7 пайыздан аспайды.
Бағдарламаның барлық шарттары 1 мамырда жарияланбақ. Жоспар бойынша бірінші кезекте 12 мың мұқтаж отбасы баспанамен қамтылады.