Көңіл айтамыз

Зымырап өтіп жатқан дүние-ай!

Кеше ғана ортамызда жүрген ардақты ағамыз Бақытқали Мұхамедқалиұлы МҰСАБЕКОВ 70 жасқа қараған шағында дүниеден озды.

Ол саналы ғұмырын мәнді өткізген елге сыйлы адам еді. Ол терең білімді, тәжірибесі мен тағылым өнегесі мол білікті тұлға болатын. Ұзақ жылдар жауапты басшылық қызметтерді мінсіз атқарды.

Бақытқали ағаны қалың қауым білгір маман ғана емес қоғамдық ұстанымы айқын әрі белсенді қоғам қайраткері ретінде танып, мойындады. Жаны жайсаң тамаша азамат өз ортасында сый-құрметті лайықты иелене білді. Ең соңғы қызмет орны Қарағанды облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы лауазымы болды.

Аяулы ағамыздың асыл бейнесі өзі өмірден өтсе де, көңіл төрінде сақталып қалады.

***

Ұлытау ауданының әкімдігі Бақытқали Мұсабековтың отбасына, туыс-туғандары мен жақындарына қайғыларына ортақтаса отырып көңіл айтады.