Зина Ақылбекова «Ұлытау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ басшысының міндетін атқарушысы болып тағайындалды
Зина Жұманазарқызы Ақылбекова, 57 жаста. Жезқазған қаласында туған.
Екі жоғары білімі бар, Жезқазған педагогикалық институтын, Қазақстан-Ресей университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын 1988 жылы бастаған. Әр жылдары білім беру саласында, мемлекеттік қызметте еңбек етті. Жезқазған қаласының ішкі саясат бөлімінің, Жезқазған білім беру бөлімінің басшысы болды. 2015 жылдан бастап Жезқазған қаласының әкімінің орынбасары болып қызмет атқарды.
Отбасылы, 3 баласы бар.