Журналистерге құрмет көрсетілді

Аудандық «Ulytau» газеті журналистерін «Ұлттық басылым» күнімен «АМАNАТ» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Думан ЖҰМАНОВ құттықтады. Дөңгелек үстел басында ел құлағын елеңдетер жаңалықтарды жұртшылыққа жария етіп, қоғамның көкейкесті мəселелерін көтеруге кəсіби тұрғыда машықтанған қалам иелеріне «аманаттықтар» лайықты құрмет көрсетті.

Бұл мереке – 2023 жылы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысымен «Ұлттық басылым» күні болып ақпан айының 2-сі күніне белгіленген. Дəл осы күні «Қазақ» газетінің алғашқы нөмірі шыққан кез. Ал, газет бастауында Ахмет Байтұрсынов, Əлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатов сынды Алаш қайраткерлері тұрды. «Қазақ» газетін мемлекетшілдік деңгейге көтеруде Мұстафа Шоқай, Сұлгазетін мемлекетшілдік деңгейге көтеруде Мұстафа Шоқай, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Сəбит Дөнентаев, Халел Досмұхамедов сияқты белгілі ұлт зиялылары көп еңбек сіңірді.
Осыны негізге алып, «АМАNАТ» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Думан Айтбекұлы өңірдің тыныс-тіршілігін, басты жаңалықтарын, əлеуметтік-экономикалық дамуын, жан-жақты сипаттап жазуда тілші қауымының еңбектері зор екендігін алға тартып, жергілікті басылымның журналистеріне риясыз ықылас танытты.
Əсерлі басқосуда Қазақстанның Құрметті журналисі Мағзұмбек Машайықов пен аудандық «Ulytau» газеті редакторының орынбасары Қайрат Кенжекұлы, газет корректоры Əлия Қайсарқызы мен іс-қағаз жүргізушісі Айгүл Исабаеваны Думан Жұманов «AMANAT» партиясы атынан Алғыс хатты табыс етіп, мерекелік тарту-таралғы жасады.
Шара соңында қарт журналист Мағзұмбек Машайықов ұйымдастырушы тарапқа ризашылығын айтып, редакция ұжымы атынан алғысын білдірді.

Қайрат ЖҰМАБАЙ.