Журналистерге құрмет көрсетілді

Бүгінгі таңда бейресми түрде «төртінші билік» саналатын журналистер қауымына үлкен жауапкершілік жүктелері белгілі. Өйткені, журналист – бұқара мен билік арасындағы алтын көпір. Елдің өзекті мəселелерін көтере отырып, билікті қарқынды қызмет етуге бастайды. Ал, журналист бойында талант, білім, ізденіс – үшеуі бірдей қабысып жатса, мақалалары ормандай оқырманның көңілінен шығып, таралымның ұлғаюына кеңінен жол ашады.

Бүгінгі аудандық «Ұлытау» газеті өңір жұртшылығының «көзі мен құлағына» айналған қасиетті өлкедегі жалғыз басылым. Осы газеттің журналистеріне Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні лайықты құрмет көрсетілді. Аудан əкімі Советбек Медебаев пен аудандық мəслихат хатшысы Аманжол Мырзабеков журналистерді қабылдап, төл мерекелерімен құттықтады.

Аудан басшысы журналистермен жүздесуде елдің жəне ауданның тыныс-тіршілігін, əлеуметтік- экономикалық дамуын, жан-жақты сипаттап жазуда тілшілер қауымының еңбегі зор екенін айтып, журналистерге шығармашылық табыс тіледі. Сондай-ақ, қабылдауда аудандық газеттің жауапты хатшысы Қайрат Жұмабай, сайт əкімшісі Нұрлыхан Қалқаманұлы, газет қызметкері Айгүл Исабаева аудан əкімінің Құрмет грамотасы және Алғыс хатымен марапатталды.

Аудандық редакция ұжымы аудан əкімі мен аудандық мəслихат хатшысының көрсеткен құрметіне ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын айтты.

Қайрат ЖҰМАБАЙ