Жомарт Бегаев «Ұлытау облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды
Жомарт Сәбитұлы Бегаев, 41 жаста. Ұлытау селосының тумасы.
Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін, «Болашақ» Қарағанды университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын 2000 жылы «Қазақмыс» корпорациясы №55 шахтасында электр слесардің оқушысы болып бастаған. Әр жылдары Ұлытау ауданында, Жезқазған қаласында мемлекеттік лауазымдарда қызмет атқарған.
2021 жылдан осы лауазымға тағайындалғанға дейін Ұлытау ауданы әкімінің орынбасары болған.
Үйленген, 3 баласы бар.