Жолдаудың мәні – халықтың қамы
Мемлекет басшысы Қазақстан халқына өз Жолдауында сөз басын елімізде пандемия салдарынан көз жұмғандар ауыр соққы болғандығымен бастады.
Бүкіл дүниені дүр сілкіндірген дертті алдағы кезеңде ауыздықтау бойынша бірқатар шаралар қолға алынбақ. Еліміз еңсесін тіктеп, экономикамызды да тұрақтау бойынша біршама жұмыстар атқарылатын болады.
Президент өз сөзінде Қазақстанның даму кезеңінде ауыл шаруашылығы өндірісін қарқынды дамытуды Үкіметке тапсырды. Сонымен қатар келесі жылдан бастап ауылшаруашылығы меншігіндегі жерлер толықтай өз құзырымызда қалып, шетелдіктерге сатылмайтындығын жеткізді.
Сан саланы қамтыған Жолдау біздің бірігіп ел үшін жауапкершілікті сезінуімізді жеткізді. Бұл ретте әрбір Қазақстан азаматы барынша үлес қосуы керек деп білемін.
Елдос ОСПАНБЕКОВ,
Жастар ресурстық орталығы басшысының міндетін атқарушы.